Алматы тауларында 25 бала мен ересек адам құтқарылды
Фото: ҚР ТЖМ
Дүйсенбіден сейсенбіге қараған түні Алматы облысының Талғар ауданында сауықтыру лагерінен үш жүз метр қашықтықта бір топ балалар мен бір ересек – барлығы 26 адам адасып кетті, – деп хабарлайды Taspanews.kz ҚР ТЖМ Telegram арнасының ақпаратына сілтеме жасап.
Оқиға "Тау самалы" таулы ауданында болған.
ҚР ТЖМ құтқару жасағы адасқандарды тауып, қауіпсіз жерге жетуге көмектесті.