Алматы тауларында жақын күндері сел болжанды
"Қазгидромет" РМК дауылды ескертуіне сәйкес, 31 шілде – 1 тамыз аралығында Алматы қаласында және оған іргелес таулы жерлерде кейде қатты жаңбыр болжауына байланысты , беткейлік ағынының қалыптасуы және өзендерде су деңгейлерінің көтерілуі күтілуде. Сонымен қатар, судың жайылуы мен су басу мүмкін, – деп хабарлайды Taspanews.kz ҚР ТЖД сілтеме жасап.
Казгидромет РМК дауылды ескертуінде қатты жаңбыр салдарынан 31 шілде мен 1 тамыз аралығында беткейлік ағынының қалыптасуы және өзендерде су деңгейлерінің көтерілуін ескертеді. Су жайылуы есебінен су тасқыны болу мүмкіндігін айтады.
Сонымен қатар, сел қаупінің "қызғылт сары деңгейі" жарияланды.
"Қазселденқорғау бөлімшелері сел қаупі бар учаскелерде бақылаудың жеделдетілген режиміне ауыстырылып, аэровизуалды және жергілікті бақылау жүргізілуде, инженерлік-техникалық қызметкерлердің тәулік бойы кезекшілігі ұйымдастырылды", – делінген хабарламада.
Сел тасқыны қаупіне байланысты Іле Алатауына бармауға қатаң ескертпе берілді.
Сел қаупі бар жерлерле іс-әрекет нұсқаулығы мынадай:
- Таудағы табиғи апаттардың алдын алу туралы хабарламаларды БАҚ-нан үнемі бақылау:
- Селге тап болсаңыз, рельефтің ең биік нүктесіне көтерілу қажет
- Бөгет жанында, қауіпті канал, көпір бойында демалуға тоқтамаңыз, лагерь құруға болмайды
- Сел астында қалған адамды құтқаруға тырыспаған жөн. Бұл мүмкін емес.