Алматы тұрғын үй кешендерінің бірінде есірткі сату ісі бойынша күдіктілер ұсталды
Фото: Polisia.kz
Алматы қаласы, Бостандық ауданында есірткі сатуға арналған жабдықтар мен мефедрон табылды, – деп хабарлайды Taspanews.kz Polisia.kz сілтеме жасап.
Күдіктілер үйінде 156 байлам ақ ұнтақ затын, QR код бар 5 мың жарнамалық жапсырма табылып, тәркіленді. Кейіннен ол заттар мефедрон психотроптық заты екені анықталды. Қылмыстық іс қозғалып, күдіктілер уақытша ұстау изоляторына орналастырылды.
Еске салсақ, бүгін Жамбыл облысында аса ірі көлемде есірткі тасымалдады деген күдікпен қылмыстық топтар ұсталды.