Алматы тұрғындары 15 желтоқсан кешінде үйлерінен шықпаған жөн

 pixabay.com фото на taspanews.kz от 15 декабря 2024 15:05
Фото: pixabay.com

Алматыда ауа-райы қолайсыз болып, қатты жел соғады, – деп хабарлайды Taspanews.kz қалалық төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.


Төтенше жағдайлар қызметі тұрғындар қалың қарға, тұман мен көктайғаққа, екпіні секундына 15 метрге жететін қатты желге дайын болғаны жөн екенін ескертті.


«Қазгидромет» мәліметіне сай, 16 желтоқсан түні Алматыға тұман түсіп, қалың қар жауады. 15 желтоқсанның кешінде қала тұрғындары қауіпті желге тап болады. Осыған байланысты Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаменті азаматтарды ерекше сақ болуға шақырады. Көліктерді ағаштар мен үлкен құрылыстардың астына қоюдан аулақ болу маңызды, қатты жел көліктерді зақымдауы немесе бұтақтардың және басқа заттардың құлап кетуіне әкелуі мүмкін». – делінген хабарламада.

Құтқарушылар желдің күшеюі кезінде ғимараттардан шықпауға кеңес береді.


Сонымен қатар, олар жарнама тақтайларының, ағаштардың астына, құрылысы аяқталмаған ғимараттарда тығылу қауіпті, себебі құрылыс материалдары шатырдан құлап, жарақатқа әкелуі мүмкін екенін ескертеді. Электр желілерінің астында қалып қалу әсіресе қауіпті, сымдардың үзіліп кетуі әбден мүмкін.


Следите за новостями Taspanews