Алматы тұрғындарының ұялы телефондарына әкім атынан жалған хаттар келуде

Фото: Pexels

Алматы әкімдігінің Telegram-дағы баспасөз қызметі алаяқтардың WhatsApp арқылы әкім Ерболат Досаев атынан хабарламалар жазып, тарататынын растады, – деп хабарлайды Taspanews.kz. 


Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі өз парақшасында осы хаттарға назар аудармауды және оларға сенбеуді сұрады және берілген сілтемелер бойынша өту қауіпті екенін еске салды.


Бұл әрекетті алаяқтар бопсалау үшін қолданатынын айтып, ақша жібермеуді өтінді.