Алматы тұрғыны жұмысқа шақырылып есірткі жарнамалау туралы тапсырма алды

Фото: Pexels

 Алматыда шет елде жұмыс істеуге үміттенген азамат есірткі жарнамалап кетті,– деп хабарлайды Taspanews.kz Polisia.kz сілтеме жасап.


"Жұмыс берушімен азамат ғаламтор арқылы байланысып тұрды.ол қала көшелеріне қылмыстық сайттардың кодтары бар плакаттар іліп, ғимараттардың қасбеттеріне жазулар жазған" – Polisia.kz

Медеу аудандық полиция басқармасы бастығы мәліметіне сай, күдікті ұсталды. Заттай дәлелдемелер тәркіленді. Сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторында.