Алматы ТЖД ата-аналар мен балаларды жазғы лагерьге дайындайды
Фото: ТЖД Алматы
Оқу жылының соңында ондаған мың балалар демалысының бір бөлігін мектептегі күндізгі лагерьлерде, сондай-ақ қала сыртындағы балалар сауықтыру және туристік лагерьлерде өткізеді. Жазғы демалыс кезінде балалардың жазатайым оқиғалары мен жарақаттануын болдырмау мақсатында Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті қалалық Білім басқармасымен бірлесіп, алдын алу шараларын белсенді жүргізіп жатыр, – деп хабарлайды Taspanews
Іс-шаралар мұғалімдерге, көмекші қызметкерлерге және лагерь әкімшілігіне арналған брифингтерді қамтиды. Басқарманың мәліметінше, 15 лагерь мен 199 мектеп мекемесі бақылауда.
Демалыстың маусымдық сипатына байланысты ересектер мен балаларды өрт кезінде не істеу керектігін, негізгі өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды және алғашқы өрт сөндіру құралдарын дұрыс пайдалануды үйретуге ерекше көңіл бөлінеді.
Балалар бұл ақпаратты қызығушылықпен қабылдады, белсенді түрде сұрақтар қойып, құтқарушылардың сұрақтарына өздері дұрыс жауап берді. Балалардың осындай жас кезінде өз қауіпсіздігін сезінетініне қуаныштымыз.
Барлық қатысушыларға заманауи форматтағы жарқын жадынамалар мен брошюралар табыс етілді.