Алматыда 1,5 мыңнан астам мопед айыппұл тұрақтарына орналастырылды

Фото: Pexels

2024 жылы Алматыда бір жарым мыңнан астам мопед айыппұл тұрағына жіберілді, – деп хабарлайды Taspanews.kz Polisia.kz cілтеме жасап.


Шара көліктің осы түрінің қатысуымен болатын жол-көлік оқиғалары (ЖКО) санының артуына байланысты қабылданды.


Алматы қаласы полиция департаменті статистикасына сай, 2024 жылдың қаңтар-тамыз айларында мопедтердің қатысуымен 523 апат тіркелген. Осы оқиғалардан 535 адам зардап шеккен, олардың 11-і қайтыс болды.