Алматыда 28 қарашаға қараған түні жер сілкінді

Фото: Freepik

ҚР ТЖМ “Сейсмологиялық зерттеу институты” 28 қараша сағат 01:31-де Алматыда жер сілкінісі болғанын мәлімдеді, – деп хабарлайды Taspanews.kz ҚР ТЖМ сілтеме жасап.


Жер сілкінісі 2 баллдық көрсеткіш бойынша сезілді. Ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 318 км жерде тіркелді.


Зардап шеккендер жоқ.  


Еске салсақ, апта ішінде, 25 қараша түні сағат 23:42-де Қазақстан бойынша бірнеше қалаларда жер сілкінісі тіркелді.