Алматыда 87 мың адам жұмыс орны қолжетімді болажы

Pexels фото на taspanews.kz от 31 марта 2025 09:57
Фото: Pexels

Алматы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы 2025 жылы Алматыда 87 мыңнан астам жұмыс орындары ашылатынын мәлімдеді, – деп хабарлайды Taspanews.kz Алматы әкімдігіне сілтеме жасап.


32 мың адамды жұмыспен қамту шараларына тарту көзделді. Соның ішінде:


10,6 мың адам тұрақты жұмысқа;


8,7 мың адам субсидияланған жұмыс орындарына орналасады.


«Олар қысқа мерзімді курстардан өтеді (оның ішінде enbek.kz платформасында) және «Бастау Бизнес» жобасына қатысады. Кәсіпкерлік бастамаларды қолдау мақсатында 400 АЕК-ке дейінгі гранттар қарастырылған»,   – делінген Алматы әкімдігі баспасөз хабарламасында.

Статистика бойынша 2024 жылы Алматыда 85 мыңға жуық жұмыс орны ашылды. Осы шара арқылы жұмыссыздық деңгейі 4,6%-ға төмендеді.


Следите за новостями Taspanews