Алматыда Абай даңғылының бір бөлігі уақытша жабылады

Алматы жол фото на taspanews.kz от 25 июля 2024 14:41
Фото: Алматы қаласы әкімдігі

Алматы қаласы, Әуезов ауданында жылу желілерінде жөндеу жұмысы жүреді. Осы мақсатта автокөлік қозғалысы Абай даңғылында уақыьша тоқтайды, – деп хабарлайды Taspanews Алматы қаласы әкімдігіне сілтеме жасап.


«Алматы жылу жүйесі» ЖШС хабарламасын Алматы әкімдігі ресми сайтта орналастырды. Хабарламада Алтынсарин көшесінен «Сарыарқа» метро станциясына (Family саябағы) дейінгі жолда қозғалыс тоқтайтыны айтылады.


25 шілдедегі сағат 22:00-ден 26 шілдедегі сағат 08:00-ге дейін батыс бағыты жабық. ал шығыс бағыты ашық болады.


"Уақытша шектеулер жылумен жабдықтау желілерін алдағы жылыту маусымына дайындау шаралары аясында магистральдық құбыржол учаскесінде жоспарлы жөндеу жұмыстарын жүргізудің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында енгізіліп отыр",– дейді қала әкімдігі.


Еске салсақ, қалада көлік қозғалысының тоқтауын Almaty.kz сайтында, @AlmatyJoly Telegram-арнасында, аудан әкімдіктері мен басқармаларының әлеуметтік желілерінде, сондай-ақ «2GIS» және «Яндекс карталары» сервистерінде бақылауға болады.


Сонымен қатар, әкімдік уақытша қолайсыздық үшін қала тұрғындарынан кешірім сұрады.


Следите за новостями Taspanews