Алматыда арзандатылған бағамен сатылған зауыт мемлекетке қайтарылды

Фото: Pexels

Прокуратура Алматыда арзандатылған бағамен сатылған зауытты мемлекетке қайтарды, - деп хабарлайды Taspanews ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


АҚ «832 автомобиль жөндеу зауыты КИ»- дің жалғыз акционері 2017 жылы зауытты заңды тұлғаға сатып, актив құнын жасанды түрде 310 миллион теңгеге төмендеткен.


2024 жылғы 27 мамырда Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты прокуратураның талабы бойынша мәмілені жарамсыз деп таныды. Осы шаралардың нәтижесінде 2,5 мың шаршы метр ғимарат пен 1,87 гектар жер телімі мемлекет меншігіне қайтарылды.