Алматыда авиациядағы гендерлік теңдік бойынша ИКАО аймақтық семинары өтеді
Фото: Pexels
2025 жылы 4-5 наурыз үндері Алматыда халықаралық маңызы бар оқиға – гендерлік теңдік және авиациядағы әйелдердің мүмкіндіктерін кеңейту бойынша ICAO EUR/NAT аймақтық семинары өтеді, – деп хабарлайды Taspanews.kz ҚР КМ Азаматтық авиация комитетіне сілтеме жасап.
Семинарға Қазақстанның және шет елдік авиация саласының халықаралық ұйымдар – ИКАО, Eurocontrol, EASA, IATA, IFATCA, SkyTeam, ACVFFI және әуе компаниялар мен іскер топтардың өкілдері қатысады. Семинарға әйелдер – ұшқыш, командир, авиадиспетчер, инженер, авиамеханиктер мен әуе компаниясы басшылары қатысады.
"Семинардың мақсаты – авиацияда гендерлік теңдікке қол жеткізуге жәрдемдесу, әйелдердің мансаптық өсуін қолдау және сала мамандарының жаңа буындарын шабыттандыру. Іс-шараны аймақтағы 56 мемлекет (ИКАО-ға мүше 193 елден) кіретін Халықаралық азаматтық авиация ұйымы ИКАО EUR/NAT Аймақтық кеңсесінің директоры Николас Ралло ашады"