Алматыда автобус жүргізушілері демалыссыз қызмет атқарған
Фото: Depositphotos
Алматы қаласы, Түрксіб ауданы прокуратурасы Еңбек заңнамасын бұзу оқиғасын анықтады, – деп хабарлайды Taspanews.kz қала прокуратурасына сілтеме жасап.
Автобус жүргізушілері үстеме жұмысты асыра көп атқарған және ауысымаралық демалыстары жеткіліксіз болған. Сонымен қатар, оларға демалыс күндері берілмей келді. Осылайша, қаладағы ең ірі тасымалдаушы 1 656 жүргізушінің конституциялық құқығын бұзды.
Тасымалдаушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Қадағалау актісі бойынша бұзушылықтар жойылды.
«Тасымалдаушының мұндай әрекеттері жол қозғалысы қауіпсіздігіне әсер етеді және азаматтардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіреді»,