Алматыда автотұрақтар, балалар және спорт алаңдары үшін жаңа талаптар енгізілді
Алматыда балалар мен спорт алаңдары, сонымен қатар автотұрақтардың жағдайын жақсарту үшін абаттандырудың жаңартылған талаптары күшіне енді, – деп хабарлайды Taspanews.kz Қалалық әкімдіктің Telegram-каналына сілтеме жасап.
Жаңа ережелерге сәйкес, ойын және спорт алаңдары жарамды күйде болуы керек, үнемі тазалануы маңызды, жыл сайын боялу қажет. Суық мезгілде аумақты қардан тазарту да қарастырылған.
Балаларға арналған алаңдардағы қауіпсіздікке ерекше назар аударылады. Олар жаяу жүргіншілер ағындарынан, автотұрақтардан және кіреберістерден оқшаулануы керек. Қайта құру кезінде ағаштардың тамырларын, бұтақтарын, ескі жабдықтардың қалдықтарын және т. б. қалдыруға болмайды.
Өзгерістер автотұрақ ережелеріне де әсер етті. Енді ауладағы шөптер мен көгалдарға тұрақ қоюға жол бермеу үшін кедергілерді орнату қажет. Кварталдар мен аулалардың ішінде жолдарға конструкцияларды өз бетінше қоюға, сондай-ақ автомобильдерді тротуарларға, көгалдарға және ойын алаңдарына қоюға болмайды.