Алматыда дәрігерлер жүрек трансплантациясын жүзеге асырды

Фото: ҚР ДСМ

Алматыдағы Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ-да екінші рет жүрек трансплантациясы жасалды, – деп хабарлайды Taspanews.kz ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.


University Medical Center-мен бірігіп жасалған отада 43 жасар адамға өзгенің жүрегі салынды. 5 жыл бойы энергетикалық сусындарды шамадан тыс тұтынғаннан дәрі-дәрмек әсер етуді қойған дертке шалдыққан ер адам жүрек қызметі жеткіліксіздігінің соңғы сатысынан аман қалды.


«Науқасты аздаған физикалық жүктемеде ауа жетіспеуі, 50 метр жүру кезінде ентігу, қалыпты жағдайда, жатқан кезде ентігудің жоғарылауы, тез шаршау және жалпы әлсіздік мазалаған», – делінген Денсаулық сақтау министрлігі хабарламасында.

Ер адамға трансплантацияланған жүрек жаңадан ми өлімі тіркелген 45 жасар ер адамнан алынды. Оның туыстарының рұқсатымен 4 адамның өмірі сақталды. Науқастарға ер адамның екі бүйрегі, өкпесі, сонымен қоса көз қабығы трансплантацияланды.


Айта кетсек, 2025 жылғы 10-қаңтардағы мәліметке сай, Қазақстанда 140 ересек пен 5 бала жүрек трансплантациясы бойынша кезекте тұр.