Алматыда демалыс күндері тұман түседі

«Қазгидромет» РМК синоптиктері 8-10 ақпан аралығында Алматыда ауа-райы қандай болатынын мәлімдеді, – деп хабарлайды Taspanews.kz
Қалада құрғақ, алайда салқын ауа-райы сақталады, таңертең тұман түсіп, көктайғақ болады, – деп хабарлайды Taspanews.kz.
Синоптиктердің мәліметіне сай, сенбіден дүйсенбіге дейін Алматы көшпелі бұлтты болғанына қарамастан, жауын-шашын болмайды, алайда тұманның әсерінен көру мүмкіндігінің нашарлауы жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер үшін қиындықтар туғызуы мүмкін. 8 ақпан күн бұлтты болады, алайда жауын-шашынсыз.
Түнде және таңертең кей жерлерде тұман түсіп, жолдарда көктайғақ болады. Шығыстан жел соғады, екпіні секундына 2-7 метр. Ауа температурасы түнде минус 5 градустан минус 7 градусқа дейін болады, күндіз ауа температурасы плюс 2 плюс 4 градусқа дейін жылынады. 9-ақпанда ауа-райы өзгеріссіз қалады: күн аздаған бұлтты болады, жауын-шашынсыз. Таңертең тұман түседі, көктайғақ болады. Шығыстан соғатын жел секундына 2-7 метр.
Ауа температурасы түнде минус 6-дан минус 8 градусқа дейін, күндіз 0-ден 2 градусқа дейін жылы болады. 10 ақпанда Алматыда көшпелі бұлт жүреді, жауын-шашын болмайды. Таңертең кей жерлерде қою тұман түсуі мүмкін, жолдар тайғақ болады. Шығыстан соғатын жел секундына 2-7 метр. Ауа температурасы түнде минус 8-ден минус 10 градусқа дейін, күндіз 0 градус шамасында болады.