Алматыда елес пәтерлерді жалға тапсырған риэлтор анықталды

Pexels фото на taspanews.kz от 18 ноября 2024 13:02
Фото: Pexels

Алматыда жылжымайтын мүлікті жалға беруге көмектеспекші болған алаяқ ұсталды, – деп хабарлайды Taspanews.kz Polisia.kz сілтеме жасап.


Күдікті өзін риэлтор етіп таныстырып, еш жерде жоқ пәтерлер туралы хабарламалар жариялады. Үйлерге тиімді баға қойып, 5 адамды алдап-соққан. Бірден қаражаттың толық сомасын беруді талап еткені белгілі болды. Осыдан соң, ол байланысқа шықпай, пәтер тапсыру туралы уәдесін орындамады.


Арыздар нәтижесінде, 26 жасар Жетісу облысы тұрғыны ұсталды. Қылмыстық іс қозғалып, тергеу жұмыстары жүргізілуде.


Следите за новостями Taspanews