Алматыда Есентай өзені үстінен жаңа көпір ашылады

Акимат фото на taspanews.kz от 15 ноября 2024 09:29
Фото: Алматы әкімдігі

Алматы қаласында ауа-райы қолайлы болса 22 қарашада Есентай өзені үстінен жаңа көпір көлік қозғалысына беріледі, – деп хабарлайды Taspanews.kz қала әкімдігіне сілтеме жасап.


Апатты көпірді жаңа көпірмен алмастыру барысында оның ұзындығы 33 метрге, ені 14,5 метрге ұзартылды. Екі жағынан 1,5 метрлік жаяу жүргіншілер жолы жасалды.


Реконструкция барысында сырғуды болдырмау үшін 30 метр тереңдікте тіреуіш орналастырылды.


Следите за новостями Taspanews