Алматыда есірткі таратумен айналысқан шетелдіктер ұсталды

Фото: Polisia.kz

Алматыда есірткі таратумен айналысқан үндістанның екі азаматы қамауға алынды. Операция барысында тыйым салынған заттар тәркіленді, – деп хабарлайды Taspanews.kz polisia.kz сілтеме жасап.


24 және 26 жастағы екі үндістандық арнайы операция кезінде есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері тарапымен ұсталды.


Сот-химиялық талдау нәтижелері бойынша күдіктілерден табылған түйіршіктерде "мефедрон" препараты болған. Күдіктілер жасаған қылмысы үшін өз кінәсін мойындады. Қазіргі уақытта Алматыда есірткіні жеткізу каналы және өндіру көздерін анықтау жүргізілуде.


- Ұсталғандар қамауға алынды. Есірткіні өткізу фактісіі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, – деді Алматы қаласы Полиция департаменті бастығының орынбасары Қуатбек Науатов.


Тергеу мүддесі үшін қосымша ақпарат таратылмайды