Алматыда есірткіге тәуелді жұп тыйым салынған заттарды жарнамалаумен айналысқан

Фото: Pexels

Алматы қаласында ер адам мен оның әйелі есірткі жарнамалағаны анықталды, – деп хабарлайды Taspanews.kz Polisia.kz сілтеме жасап.


Жұп ақша табу мақсатында мекемелер қабырғасына есірткі жарнамасын бояумен салып, орналастырған. Олар психотроптық заттар, аналогтері мен прекурсорларды насихаттаумен айналысты. Тінту барысында аэрозоль бояуы, ұялы телефон, есірткі сайттарының трафареттері тәркіленді. Күдіктілер мефедронға тәуелді екені белгілі болды. 


Заң бұзушылар қамауда. Іс бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.