Алматыда ірі өрт шықты (ВИДЕО)
19-ақпан күні, таңертең Алматыда ірі өрт шықты. Әуезов ауданында Өтеген батыр көшесіндегі қойма өртеніп, жалын бір сәтте жақын маңдағы үш қабатты әкімшілік ғимараттың шатырына жайылған. Дабыл бойынша оқиға орнына күшейтілген өрт сөндіру бригадалары жеткізілді, –деп хабарлайды Taspanews.kz ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.
Оқиғаның барысы
«101» нөміріне қоңырау сағат 08:26-да түсіп, бес минуттан кейін 08:31-де өрт сөндірушілер оқиға орнына келді. Алайда өрт тез тарап кеткенін көрді.
Оқиға орнында жедел штаб құрылып, өрттің одан әрі таралуына жол бермеу үшін су жіберу ұйымдастырылды. Өрт сөндірушілердің үздіксіз жұмыс істеуі үшін гидранттар қосылып, арнайы өрт сөндіру пойызы қолданылды.
Қазіргі таңдағы жағдай
Оқиға куәгерлері Telegram арналарда өртеніп жатқан ғимараттың кадрларын жариялауда. Құтқарушылар өртті одан әрі таратпауға тырысуда.
Әзірге зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ. Өрт себебін анықталуда.