Алматыда ит-робот көшелерді аралауда

Фото: ҚР ЦДИАӨМ

Қазақ тіліндегі дауыстық басқарумен жабдықталған робот Алматы көшелеріне жіберілді, – деп хабарлайды Taspanews.kz ҚР ЦДИАӨМ сілтеме жасап.


Экономиканың нақты секторында жұмыс істеуге бейім робот тексерулер жүргізуге, деректерді жинауға және заттарды жылжытуға қабілетті. Оны логистикадан бастап, қауіпсіздік мақсатында да қолдануға болады.


Қазақ тілінде ауызша басқару мүмкіндігі бар.Робот Almaty Hub брендімен жұмыс істейтін «ИТП» ДКҚ Алматы қаласы бойынша филиалымен әзірленген.


"Жоба 2024 жылдың желтоқсанында «AI-мен болашақты құру: білім экономикасына барар жолда» демо-күнінде технологиялық даму мен цифрлық трансформация үшін маңыздылығын растай отырып, сәтті таныстырылды",


 – делінген ресми хабарламада.