Алматыда қала күніне мерекелік іс-шара ұйымдастырылмақ: дайындық үшін жол жабылады

Алматы күні фото на taspanews.kz от 12 сентября 2024 10:09
Фото: Уикипедия

14 қыркүйекте Алматы қаласында қала күніне орай LuxFM радиостанциясының фестивалі өтеді, – деп хабарлайды Taspanews.kz Алматы әкімдігіне сілтеме жасап.


Онда Сахнада Мирас  Жүгінісов, Айқын Төлепберген, Jazzdauren, Adam және Грэмми сыйлығының иегері DJ Imanbek халық алдына шығады.


Сонымен қатар алаңда Almaty Cover Show болады. Шоуға эстрада жұлдыздары Нағима Есқалиева, Мейрамбек Беспаев, Kalifarniya, RaiM, Нұрлан мен Мұрат, ARO, Ерболат Құдайберген, Қайрат Түнтеков, Еркін Нұржанов, Айдар Тұрғанбай және басқа да әртістер қатысады.


Мерекелік шараларға дайындық үшін Төле би көшесімен Панфилов көшесінен бастап Абылай хан даңғылына дейін жол жабылады. Бұл қала күні тойлануына байланысты 12-16 қыркүйек аралығын қатиды.


Следите за новостями Taspanews