Алматыда қалаға қосылған аймақ тұрғындары үшін жаңа жолдар салынады

Фото: Алматы әкімдігі
Алматыда 2025 жылы 35 км жаңа жол салу жоспарланды, – деп хабарлайды Taspanews.kz қала әкімдігіне сілтеме жасап.
Жас қанат, Шұғыла, Әлмерек, Ақжар, Рахат, Мәдениет, Боралдай шағын аудандары және басқа да қалаға қосылған аумақ тұрғындары жолмен қамтамасыз етіледі. Бұл көлік қатынасын жақсарту мақсатында жоспарланған шара екені мәлімденді.
Одан бөлек, 300 км жол мен 30 км жаяу жүргіншілер жолында жөндеу жұмыстары жүргізіледі.
«Бұл жұмыстар қаладағы сапалы жолдардың үлесін 2024 жылы 92%-дан 2025 жылы 95%-ға дейін арттыруға септігін тигізеді»,