Алматыда қалың қар болжанады
Алматыда ауа-райы күрт өзгереді. Осыған орай, қалалық коммуналдық қызметтер қосымша сақтық шараларын енгізуде, – деп хабарлайды Taspanews.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
22-23 қаңтарға қараған түні және екі күн бойы қалада қар жауып, көктайғақ болады.
Қала әкімдігә көлік жүргізушілері мен жаяу жүргіншілерді абай болуға шақырады.
«Синоптиктердің болжамына сай, қалың қар екі күнге созылады. Жауын-шашынмен қатар температураның айтарлықтай төмендеуі болжанады, бұл мұздың пайда болу ықтималдығын арттырады. 22 қаңтар түнінде ауа температурасы -7...-9°С, күндіз 0-ден -2°С болады. 23 қаңтарда ауа температурасы түнде --15...-17°С, күндіз -5...-7°С дейін төмендейді»,
Қар мен көктайғақ салдарын барынша азайту үшін Алматының коммуналдық қызметтері жұмыс қарқынын күшейтті. Арнайы техника арқылы ауа-райының қолайсыз салдарымен күрес жүргізіледі.
«Жолдарда, әсіресе магистральдық көшелерде көктайғақ пайда болуының алдын алу үшін 204 құм себетін құрылғы қолданылады. Сондай-ақ, қардың салдарымен күресуге 624 арнайы техника мен 1380 жол тазалайтын жұмысшылар жұмылдырылады»,
Жолдың төмен түсетін, көтерілетін және көлік қиылыстары сияқты қауіпті аумақтарында жолды тексеретін кезекшілер жұмыс атқаралы. Осы мақсатта жолдардың жағдайын тұрақты бақылауды қамтамасыз ететін 47 жедел топ жұмыс істейтін болады.
Жүргізушілерге жылдамдықты азайтуға, қауіпсіз қашықтықты сақтауға кеңес беріледі.
Жаяу жүргіншілердің көпқабатты үйлердің төбесінен қар мен мұздың құлауынан сақтануы керек.