Алматыда кәуапханалардың жұмысы реттелмек

Pexels фото на taspanews.kz от 13 февраля 2025 14:03
Фото: Pexels

Алматы билігі кәуапханалардың жұмысын реттеуге назар аударылуда, – деп хабарлайды Taspanews.kz қала әкімдігіне сілтеме жасап.


Қала әкімі Ерболат Досаевтың айтуынша, биыл наурыз айында атмосфералық ауаны қорғау ережелеріне өзгерістер енгізу жоспарланып отыр. Бұл өзгерістер гидро сүзгілерді орнату талаптарын күшейтіп, жаңа бақылау шараларын енгізуді көздейді.Әкімнің сөзінше, бұл бастама өткен жылы ұсынылып, қоғамдық қолдауға ие болған.


Егер жаңа ережелер қабылданса, кәуапханалардың жұмысына бақылау жүргізудің тиімді тетіктері пайда болады.


Сондай-ақ, тұрғынның кәуапханаларды газға көшіру туралы ұсынысына қатысты бұл мәселенің жұмыстың екінші кезеңінде қарастырылатыны айтылды. Қазіргі таңда аудан әкімдері сүзгілердің жұмысын қадағалап, экологиялық талаптардың сақталуын бақылауға ерекше көңіл бөлуде.


Следите за новостями Taspanews