Алматыда кем дегенде 20 адам турист алаяқтыққа душар болды

Фото: iStock

Алматыда кем дегенде 20 турист алаяқтықтан зардап шекті. Жергілікті тұрғындар сапарға алдын-ала төлем жасаған, алайда саяхатқа аттанбаған, – деп хабарлайды Taspanews.kz Алматы ПД сілтеме жасап.


Азаматтар полицияға жүгінген.


Мысырға сапар шегуді жоспарлаған Алматының бірнеше тұрғындары – зардап шеккендердің бірі. 3 миллион теңгеге жуық он күндік турларды сатып алған әйелдермен туроператор саяхатқа аттануға шақ қалғанда байланысқа шықпай қойған. Нәтижесінде туристер Египетке де бармай, ақшаны да қайтара алмады.


Алмалы ауданының полиция қызметкерлері 26 жасар туристік агенттік басқарушысын ұстады. Алаяқтықтың барлық жағдайлары бір іске біріктіріліп, қазіргі уақытта сотқа дейінгі тексеру жүргізілуде.