Алматыда қоқыс тастайтын алаңдарға бейнебақылау камералары орнатылады

Pexels фото на taspanews.kz от 22 ноября 2024 10:22
Фото: Pexels

Қала әкімі Ерболат Досаев Алматыда келесі жылы 400-ге жуық камера қоқыс тастау алаңдарында іске қосылатынын айтты, – деп хабарлайды Taspanews.kz қала әкімдігіне сілтеме жасап.


Бостандық ауданы тұрғындарымен кездесу барысында әкім келесі жылы қаладағы 800 қоқыс тастау орындары жаңартылатынын айтты. Оның жартысында камералар орнатылады. Тәртіп бұзушылар анықталады. Ірі көлемдегі қоқысты жою ережелерін бұзу бойынша жауапкершілік қарастырылды.


“Жеке және заңды тұлғалар ірі көлемдегі қалдықтарды (құрылыс қалдықтары, жиһаз, тұрмыстық техника) арнайы ұйымдар арқылы немесе өз бетінше Іле және Қарасай аудандарында орналасқан полигондарға апаруға міндетті”, –  Алматы әкімдігі.

“Жеке және заңды тұлғалар ірі көлемдегі қалдықтарды (құрылыс қалдықтары, жиһаз, тұрмыстық техника) арнайы ұйымдар арқылы немесе өз бетінше Іле және Қарасай аудандарында орналасқан полигондарға апаруға міндетті”, -


Алматы әкімдігі.


Следите за новостями Taspanews