Алматыда қоқыс тастайтын алаңдарға бейнебақылау камералары орнатылады
Фото: Pexels
Қала әкімі Ерболат Досаев Алматыда келесі жылы 400-ге жуық камера қоқыс тастау алаңдарында іске қосылатынын айтты, – деп хабарлайды Taspanews.kz қала әкімдігіне сілтеме жасап.
Бостандық ауданы тұрғындарымен кездесу барысында әкім келесі жылы қаладағы 800 қоқыс тастау орындары жаңартылатынын айтты. Оның жартысында камералар орнатылады. Тәртіп бұзушылар анықталады. Ірі көлемдегі қоқысты жою ережелерін бұзу бойынша жауапкершілік қарастырылды.
“Жеке және заңды тұлғалар ірі көлемдегі қалдықтарды (құрылыс қалдықтары, жиһаз, тұрмыстық техника) арнайы ұйымдар арқылы немесе өз бетінше Іле және Қарасай аудандарында орналасқан полигондарға апаруға міндетті”, –
“Жеке және заңды тұлғалар ірі көлемдегі қалдықтарды (құрылыс қалдықтары, жиһаз, тұрмыстық техника) арнайы ұйымдар арқылы немесе өз бетінше Іле және Қарасай аудандарында орналасқан полигондарға апаруға міндетті”, -
Алматы әкімдігі.