Алматыда лазерлік жүйе көмегімен нәрестелердің көз ауруларын емдеуге мүмкіндік туды
Фото: Pexels
Алматыдағы Балалар шұғыл медициналық көмек орталығы Көз микрохирургиясы бөлімшесі Constellation Vision құрылғысы көмегімен нәрестелерге оталар жасалатын болады, – деп хабарлайды Taspanews.kz ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.
Оталар шала туған балаларда ретинопатия, витреоретинопатия, Коатс ретиниті сияқты ауруларын емдеу бойынша жасалады.
Еске салсақ, бұрынырақ торлы қабық пен шыны тәрізді дененің ауыр ауруларын емдеу үшін балалар квотамен шет елге жіберілетін.