Алматыда мектеп асханаларына жоғары бағамен мемлекеттік сатып алу тоқтатылды

Алматы асхана фото на taspanews.kz от 25 июля 2024 14:53
Фото: Алматы әкімдігі

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі және қала әкімдігінің жұмысы нәтижесінде 20 мектепке асыра сілтеп, қымбат бағаға жабдықтарды мемлекеттік сатып алу тоқтады. 1,9 млрд теңге мемлекетке қайтарылды, деп хабарлайды Taspanews.kz Алматы әкімдігіне сілтеме жасап.


Бұл туралы Алматы әкімі Ерболат Досаев Наурызбай ауданының тұрғындарымен кездесу кезінде айтты.


Мемлекеттік сатып алу аясында баға мен сапа сәйкес бола бермейтінін де атап өтті.


"2025 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік сатып алу туралы жаңа заң күшіне енеді, ол бойынша біз жеткізушілер мен олардың тауарлары талаптарға сай болады деп күтеміз. Сондай - ақ, мемлекеттік сатып алуға қатысушылардың жауапкершілігі артады", – деді әкім.


Следите за новостями Taspanews