Алматыда су беру уақытша шектеледі

Фото: Pexels

Алматыда 18-ақпан сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін жаңа су құбырларын іске қосу бойынша жоспарлы жұмыстар барысында Бостандық ауданындағы кей тұрғын үйлер мен ғимараттарда су беру уақытша шектеледі, – деп хабарлайды Taspanews.kz Алматы Су баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Бұл шара жоспарлы жұмыстың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін арнайы қолданылуда.


Бостандық ауданындағы Розыбакиев көшесі бойынша – Амир" ТК, "Estet" ТК, "4You" ТК, Тәжібаев көшесі бойынша – Элемент" ТК*, Қожабеков көшесі бойынша – 6, 17/1, 21 үйлер, "Браун" ТК уақытша суық сусыз қалады.