Алматыда сумен жабдықтау және суды бұруға арналған тарифтер өзгерді

Фото: Depositphotos

17 қаңтарда Өңірлік коммуникациялар брифингінде 2025-2029 жылдарға Алматыда су бұруға және сумен жабдықтауға арналған жаңа тарифтер бекітілетіні мәлімденді, – деп хабарлайды Taspanews.kz Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.


ӨКҚ брифингінде тарифтерді белгілеу кезінде «Тарифті инвестицияға айырбастау» бағдарламасы ескерілді.


Ендігі кезекте суды үнемдеудің маңызы артуда, себебі тарифтер тұтыну көлеміне байланысты өзегеріп тұрады:


«1 адамға айына 3 м3 дейін - 91,96 теңге/м3;1 адамға айына 3 м3-тен 5 м3-ге дейін 1 адамға - 110,36 теңге/м3;1 адамға айына 5 м3-тен 10 м3-ге дейін - 137,94 теңге/м3;1 адамға айына 10 м3 жоғары;Суды есептейтін жеке аспаптары жоқ жеке тұлғалар үшін тариф 183,92 теңге/м3 болады. – Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінің басшысы Əсел Бөденеева.

Тарифтердің өзгеруінен алынған қаражат желілерді жөндеу, жабдықтарды жаңғыртуға бағытталады:


«2025 жылғы 1 ақпаннан бастап жаңа тарифтерді қолданысқа енгізу: Сумен жабдықтаудың орташа тарифі 135,24 теңге / м3 құрайды, Су бұруға - 83,54 теңге / м3. Халық үшін сумен жабдықтаудың базалық тарифі 91,96 теңге/м3 дейін, ал су бұруға – 83,54 теңге/м3 дейін өседі»,  – Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Алматылық тұрғындар үшін орташа түбіртек суық сумен жабдықтау бойынша 32 шаршы метр, 1 бөлмелі пәтер үшін 156 теңгеге және кәріз үшін 139 теңгеге артады (295 теңге), 48 шаршы метр 2 бөлмелі пәтер үшін суық сумен жабдықтау 234 теңгеге және кәріз үшін 208 теңгеге артады (450 теңге), тұрғын үй алаңы 88 шаршы метр 3 бөлмелі пәтер үшін суық сумен жабдықтау бойынша 312 теңгеге, кәріз үшін 278 теңгеге артады (600 теңге).


«Жаңа тарифтермен қатар, ҚР өнеркəсіп жəне құрылыс министрлігінің Құрылыс жəне тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетімен бірлесіп, сумен жабдықтау жəне су бұрудың реттеліп көрсетілетін қызметтері бойынша 2025-2029 жылдарға арналған жаңа бес жылдық кезеңге арналған инвестициялық бағдарламалар да бекітілді», – деп атап өтті Əсел Бөденеева. 

Мәлімдемеге сай, инвестициялық бағдарламалар су құбыры мен кәріз желілерінің тозуын реттеу, апаттық жағдайлар санының азаюына әкеледі, көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға ықпал етеді.