Алматыда тоғызыншы қабаттағы пәтер өртенген: ішінде екі адам болған
Фото: ҚР ТЖД
Шілде айының 24-інен 25-іне қараған түні Бостандық ауданы Торайғыров көшесінде өрт болды, – деп хабарлайды Taspanews.kz ҚР ТЖД сілтеме жасап.
9 қабаттағы 20 шаршы метр пәтер аумағындағы өрт ас үйді, балконды және бір бөлмені шарлап, температура қызуынан адамдар үйінен шыға алмай қалған.
Өрт 28 минутта сөндірілді.
Дереу эвакуациялау-құтқару жұмыстарын жүргізу нәтижесінде Аға инженер Вилик Мерекеев пен 17-ӨСБ қарауыл бастығы Жанұзак Ендібаев көрші пәтердегі 6 адамды эвакуациялады. Өрт шыққан жерден 57 жастағы ер адам мен 55 жастағы әйел құтқарылды.
Ешкім зардап шекпеді.