Алматыда тоғызыншы қабаттағы пәтер өртенген: ішінде екі адам болған

Фото: ҚР ТЖД

Шілде айының 24-інен 25-іне қараған түні Бостандық ауданы Торайғыров көшесінде өрт болды, – деп хабарлайды Taspanews.kz ҚР ТЖД сілтеме жасап.


9 қабаттағы 20 шаршы метр пәтер аумағындағы өрт ас үйді, балконды және бір бөлмені шарлап, температура қызуынан адамдар үйінен шыға алмай қалған.


Өрт 28 минутта сөндірілді. 


Дереу эвакуациялау-құтқару жұмыстарын жүргізу нәтижесінде Аға инженер Вилик Мерекеев пен 17-ӨСБ қарауыл бастығы Жанұзак Ендібаев көрші пәтердегі 6 адамды эвакуациялады. Өрт шыққан жерден 57 жастағы ер адам мен 55 жастағы әйел құтқарылды.


Ешкім зардап шекпеді.