Алматыда тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы акция өтеді

pixabay.com фото на taspanews.kz от 25 ноября 2024 21:00
Фото: pixabay.com

28 қарашада Алматыда "Дағдарыс орталықтарының одағы" ЗТБ ұйымдастырған тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарын қолдау акциясы өтеді, – деп хабарлайды Taspanews.kz Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.


Акция "Жібек Жолы" метро станциясында өтеді. Бұл туралы ұйымның төрағасы Зүльфия Байсақова ӨКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.


Акция аясында 16 күн бойы  сарапшылармен пікірталастар, сұхбаттар және кездесулер өтеді.


Басты оқиға 28 қарашада болады, онда LED-экранда зорлық-зомбылық құрбаны болған әйелдердің суреттері көрсетіледі.


Сонымен қатар, оқиға орнында көмек көрсетуге және кеңес беруге дайын заңгерлер мен психологтар жұмыс істейді.


Следите за новостями Taspanews