Алматыда заңсыз соғылған 2 тұрғын үй бұзылуда

Фото: Алматы әкімдігі

Алматы қаласы, Нұр-Алатау шағын ауданы, Тауасарұлы көшесі 71/21 мекен-жайы бойынша 2 үй бұзылуда, – деп хабарлайды Taspanews.kz Алматы әкімдігіне сілтеме жасап.


Үйлердің әрқайсы үш қабатты болған. Құрылыс бақылау басқармасы рұқсат құжаттарының толық пакеті жоқ екенін анықтап, бұрынырақ меншік иелерін әкімшілік жауакершілікке тартқан.


Бостандық ауданы соты 2023 жылы 29 қыркүйекте үйлерді бұзуды тағайындады. Жақында іс Алматы қалалық сотында қайта қаралды. Аудандық сот шешімі өзгеріссіз қалды. Үйлерді бұзу меншік иелері мен сот орындаушыларының қатысуымен ерікті түрде өтуде.