Алматыда заңсыз соғылған үш қабатты ғимарат бұзылуда
Фото: Алматы әкімдігі
Алматы қаласы, Черновицкая көшесінде заңсыз құрылыс бұзылуда, – деп хабарлайды Taspanews.kz қала әкімдігіне сілтеме жасап.
Ғимарат СЖТ, эскиз жобасын келісу мен сараптамасыз жүргізілгені белгілі болды. Ол қажетті құжаттарсыз салынды. Бұл туралы жергілікті тұрғын өкілетті орынға хабарлаған.
Жоспардан тыс тексеруден кейін Қаланың қала құрылысын бақылау басқармасы Жетісу аудандық сотына ғимаратты бұзу туралы талап-арыз берді. Сот нысанды бұзуды қанағаттандырды. Ғимарат иесі бұзуды өз еркімен бастады.