Алматыда заңсыз тұрған келімсектер ұсталды
Қазақстан Республикасының көші-қон қызметі рейдінің нәтижесінде елдегі заңсыз тұрғындар ұсталды, - деп хабарлайды kaz.taspanews.kz Алматы қаласының ПД-іне сілтеме жасап.
Алматы қаласының көші-қон қызметі заңсыз қоныстану фактісін анықтады. Көші-қон заңнамасының бұзылу жайттарының тіркелуі жергілікті рейдті ұйымдастыруға себеп болған.
Қаланың орталығында жүргізілген операцияда жеке басын куәландыратын құжаты жоқ 40 адам ұсталған. Алдын ала мәліметтер бойынша ұсталғандар қатары – шекаралас мемлекеттердің азаматтары және Африка елінің азаматтары.
Бұл келімсектер бойынша Қазақстан Республикасының көші-қон заңнамасын бұзғаны туралы материалдар жиналатын болады,- деді Алматы қалалық ПД Көші-қон қызметі Басқармасының бастығы, полиция полковнигі Асхат Бутунчинов.