Алматыда зейнеткер ерлі-зайыпты өз үйінде бөтеннің қолынан қаза тапты

ixabay.com фото на taspanews.kz от 02 декабря 2024 11:57
Фото: pixabay.com

Алматыда зейнеткерлер қылмыстық әрекет нәтижесінде қаза тапты, – деп хабарлайды Taspanews.kz Алматы қаласының полиция департаментіне сілтеме жасап.


Ер адам 87-де, әйелі 89 жаста болған.


Полиция басқармасының мәліметіне сай, оларды қаскүнем пышақтап кетті. Бұл іс-әрекет бойынша үй иелерімен таныс 56 жасар әйел адам күдікті атанды.


«Тергеу деректері бойынша, күдікті мен қарттардың арасында жанжал туындап, кісі өліміне әкеліп соқтырған. Әйел ұсталып, қамауға алынды. Тергеу жүргізілуде, полиция оқиғаның мән-жайын анықтауда»,  – Алматы қаласы ПД.

Следите за новостями Taspanews