Алматыда жақын күндері жауын-шашын мен қар болжануда
Фото: Pexels
5-8 қараша аралығында Алматыда жауын-шашын күтіледі, – деп хабарлайды Taspanews.kz Almaty akimdigi сілтеме жасап.
7 қараша түнінде температура +2C-ға дейін төмендеп, аязды емес, сулы қар жауады.
Көктайғақты болдырмау үшін 490 арнайы техника мен 1120 жұмысшы жұмылдырылады.
Еске салсақ, соңғы күндері Алматыда ауа температурасы 18-20C құраған.