Алматыда жарты жылда 715 млрд теңге инвестиция тартылды

Фото: Pexels

Осы жылдың 6 айында Алматыда негізгі капиталға 715 млрд теңге инвестиция тартылды. Өсім 15,8% құрады. Жеке инвестициялар 21,1% - ға өсіп, 656,4 млрд теңгеге жетті. Бұл туралы Taspanews.kz тілшісіне Алматы әкімдігі хабарлады.


Олардың деректері бойынша инвестициялардың ең көп өсуі IT-секторда (3,8 есе өсу), туризмде (2,5 есе), өңдеуші өнеркәсіпте (2 есе), денсаулық сақтауда (2 есе) және көлік (+47,1%) салаларында байқалады.


2024 жылы негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 10%-ға нақты өсіммен 2 трлн теңгеден астам сомаға бағаланады.