Алматыда жас спортшы қаза болды

pixabay.com фото на taspanews.kz от 25 декабря 2024 11:03
Фото: pixabay.com

25 желтоқсан күні Алматыда 20 жастағы жас жігіт, спортшы Әли Серік кісі қолынан қаза болды, – деп хабарлайды Taspanews.kz.


Алматы полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, қайғылы оқиға қаланың Наурызбай ауданында болған.


«Алдын ала мәлімет бойынша, таныстар арасындағы жанжал нәтижесінде бірі пышақ тығып, нәтижесінде жәбірленуші қайтыс болды. Күдікті тез арада ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды»,  – делінген полиция департаментінің хабарламасында.

 Полицейлер қаруды тәркіледі. Тергеу жүргізілуде. Ақпарат көзіне сай, марқұм кикбоксшы Әли Серік болғаны анықталды.


Следите за новостями Taspanews