Алматыда жер сілкінісі қаупі бар өңірлер үшін бетон шығаратын зауыт ашылды
Алматыда ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым қорының қолдауының арқасында құйма модификацияланған бетон шығаратын жаңа зауыт іске қосылды, - деп хабарлайды Taspanews Министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жоба 2022–2024 жылдарға арналған ғылыми және ғылыми-техникалық зерттеулер нәтижелерін коммерцияландыру бағдарламасы аясында гранттық қаржыландыру алды.
Жоба жетекшісі Данияр Ахметов бұл бетонның бірегей қасиеттері бар екенін, соның ішінде құрылыс кезіндегі шу мен діріл деңгейін төмендететінін, сондай-ақ Қазақстанның жер сілкінісі қауіпті аймақтары үшін аса маңызды күрделі құрылымдарды бетондау мүмкіндігін атап өтті.
Жаңа зауыт жылына 150 мың текше метрге дейін бетон шығаруға қауқарлы, бұл Алматы қаласы мен оның төңірегінде бетонға деген сұраныстың едәуір бөлігін қанағаттандырады. Бұл кәсіпорында бетонның айтарлықтай үлесін, шамамен төрттен бірін өндіру жоспарлануда.
Өнімдерге BI Group, Basis-A, Sensata Group және RAMS Kazakhstan сияқты жетекші құрылыс компаниялары, сондай-ақ ірі өнеркәсіптік құрылыс компаниялары қызығушылық танытты.