Алматыда жол жөндеу жұмыстары мерзімінен бұрын басталды

Pexels фото на taspanews.kz от 18 февраля 2025 11:28
Фото: Pexels

Алматыда жол инфрақұрылымын жаңарту жұмыстары жоспарланған мерзімінен бұрын қолға алынды, – деп хабарлайды Taspanews.kz Almaty_Joly ақпаратына сілтеме жасап.


«Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында магистральді көшелердегі шұңқырларды жою жұмыстары басталды. Жол қозғалысына шектеу қойылмайды. Асфальт-бетон зауыты мерзімінен бұрын іске қосылып, «жылы асфальт» өндірісі басталды.


ҚР Көлік министрлігінің мәліметіне сай, энергия үнемдейтін қоспалары бар жаңа технология –5°C дейінгі температурада асфальт төсеуге мүмкіндік береді. Бұл әдісті «ҚазжолҒЗИ» сынақтан өткізген. Жол жөндеу жұмыстары негізінен көктем және жаз айларында қарқын алады. Биыл 300 км жолға орташа жөндеу жүргізіліп, 35 км жаңа магистраль салынады. 2024 жылы жол сапасын 92%-ға, ал 2025 жылы 95%-ға жеткізу көзделген.  


Следите за новостями Taspanews