Алматыда жүк көлігі автобуспен соқтығысты

Фото: Almaty News

Бүгін таңертең Алматыда жүк көлігі мен маршруттық қалалық автобустың қатысуымен көлік апаты орын алды. Салдарынан автобус жолаушыларының ішінен тоғыз адам зардап шекті, – деп жазады Taspanews.kz Almaty News Telegram-арнасының ақпаратына сілтеме жасап.


Оқиға Наурызбай ауданында Әшімов пен Шаляпин көшелерінің қиылысында сағат 09:15 шамасында болған.


Жүк көлігі жүргізушісі Ашимов көшесімен келе жатып солтүстікке қарай жүріп, аялдамада тұрған 137 автобусқа соғылды. Инерцияға байланысты автобус шығыс жаққа қарай жолаушылар жолына түсіп, тұрғын үйдің қоршауына ұрылып, жеке меншік объектке зақым келтірілген