Алматыда жұмысқа шақыруды көздейтін "Бос орындар жәрмеңкесі" өтеді

Фото: Pexels

Алматыда 9 тамызда сағат 10:00-де қалалық "Бос орындар жәрмеңкесі" өтеді, – деп хабарлады әкімдік Taspanews.kz редакциясына.


Іс-шараға өнеркәсіп, өндіріс, сату желілері, тамақтану, медициналық қызметтер және денсаулық сақтау, фармацевтика және білім беру сияқты салалардан қызметкерлерді іздейтін жұмыс берушілер қатысады. Жаңа жұмыс орнын іздеп жүргендер жұмыс берушілерді түйіндемесімен немесе портфолиомен таныстыруға және сынақ әңгімелесуден өтуге мүмкіндік алады.


Жәрмеңке мекен-жайы: Арбат, Жібек Жолы көшесі-Панфилов көшесінің қиылысы.


Жұмыс берушілердің қатысуы және қосымша ақпарат алу үшін email-ге хабарласыңыз: almatyenbek@yandex.kz немесе Алматы қаласының еңбек мобильдігі орталығына: Достық даңғылы, 85, тел.: +7 (727) 310 47 82.