Алматыда жылу кезең-кезеңімен өшіріле бастайды

Фото: Pexels
Алматыны жылумен қамтамасыз ету мерзімі аяқталуға жақын, – деп хабарлайды Taspanews.kz қала әкімдігіне сілтеме жасап.
Алматы әкімі Ерболат Досаев келесі жылыту маусымына дайындық пен осы жыл нәтижелерін талқылау бойынша кездесу барысында жылу 2025 жылы 10 сәуірден бастап кезең-кезеңімен өшіріле бастайтынын мәлімдеді.
"Алдымен әкімшілік ғимараттар, оқу орындары мен мәдениет нысандары, кейінірек тұрғын үйлер мен әлеуметтік мекемелерде жылыту өшіріледі. Жылыту маусымы ақаусыз өтті, 404 білім беру мекемесі мен 128 медициналық мекеме қамтылды. Биыл 39 км жылу желілерін қайта жаңарту жоспарланған, бұл олардың тозуын 56,1%-дан 54,9%-ға дейін төмендетуге көмектеседі",