Алматыда жылыту маусымы ертерек басталмақ
Фото: Freepik
7-11 қазан аралығында Алматыда кезең-кезеңімен жылу қосылады, – деп хабарлайды Taspanews.kz Алматы қаласының әкімдігіне сілтеме жасап.
Соңғы бес күнде температураның +8 градусқа дейін немесе одан төмен түскендігі жылыту маусымын бастауды жеделдетті.
Жылытылатын нысандардың алғашқылары – әлеуметтік мекемелер. Содан соң тұрғын үйлер, жатақханалар мен қонақ үйлерге жылу жәберіледі. Әкімшілік ғимараттар мен оқу орындары келесі кезекте.
Энергия беруші ұйым жылыту маусымы басталатыны туралы хабарлайды.